Жаңа бас бапкер Мырзағалидің қателіктерін тізіп шықты (ВИДЕО)

Тамыз 18, 2024 - 15:55
Тамыз 18, 2024 - 15:56
Жаңа бас бапкер Мырзағалидің қателіктерін тізіп шықты (ВИДЕО)
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет және Қазақстан бокс федерациясының басшылығы сенім білдіргендеріңізге көп рахмет. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін. Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар мәселе бар. Ол мәселелерді өзіміз Париж Олимпиадасында көрдік. Ең алдымен жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған және командалармен біріккен оқу-жаттығу жиындары өтпеген. Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Олар: жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманың бәріне бірдей көңіл бөлу, Қазақстанда болатын жарыстарды, іріктеу турнирлерін әділ өткізу, жаттығу жиындарының бәрін бір жүйеге келтіру. Команда жұмысын жақсарту үшін шетелден мамандар, атап айтқанда, жалпы дене дайындығының маманы, ғылыми топ және бапкер-консультант шақыру ойымызда бар. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу – елге қызмет ету. Ел сенімін ақтауға барымды саламын", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow