ҰБТ-дан 1 балл алған абитуриент Түркияның үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Тамыз 1, 2024 - 11:55
Тамыз 1, 2024 - 11:57
ҰБТ-дан 1 балл алған абитуриент Түркияның үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды

ҰБТ-дан 1 балл алып елді шулатқан түлек Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 үздік университетінен шақырту алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін ҰБТ-дан бір балл алған Ерасыл Уәлиев әлеуметтік желіде жұлдыз атанған еді. Ол өзінің шетелде оқығысы келетінін айтқан.

Енді ол Озйегин университетінде жасанды интеллект және Анталья университетінде дизайн бойынша білім алады. Бұл табандылық пен мүмкіндіктің бағалаудан маңыздырақ екендігінің дәлелі.

Ерасыл Уәлиев шақырту алған университеттердің тізімі:

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Doğuş University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Beykent University: Актерлік шеберлік  

Оны құттықтап пікір қалдырғандар Ерасыл ҰБТ дегеніміз - өмірдің соңы емес екенін дәлелдеді деп ілтипат танытып жатыр

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow