Мектеп директоры мен ұстаздары сәттілік әкелсін деп бір оқушыны құрбандыққа шалған

Полицейлердің айтуынша, 7 жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған.Қазір адам өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталды.

Қазан 6, 2024 - 12:22
Мектеп директоры мен ұстаздары сәттілік әкелсін деп бір оқушыны құрбандыққа шалған

Үндістанның Хатрас қаласында мектеп директор мен бір топ ұстаз білім ордасына сәттілік әкелу мақсатында салт жораларын жасап, оқушыны құрбандыққа шалып жіберген. 

Полицейлердің айтуынша, 7 жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған.Қазір адам өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталды.

Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх,және оның ұлы сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды.

Олар мектепке сәттілік әкелу үшін салттық құрбандық жасаған.

«Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған», — деді полиция қызметкері Химаншу Матур.

Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow