Түркия әскері кез келген уақытта Израиль аумағына кіре алады – Ердоған

Газа секторында қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты.

Шілде 29, 2024 - 10:55
Шілде 29, 2024 - 10:55
Түркия әскері кез келген уақытта Израиль аумағына кіре алады – Ердоған
Фото: Ақорда

Түркия әскері кез келген уақытта Израиль аумағына басып кіре алады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз Қарабақ пен Ливия жағдайында әрекет еткеніміздей, Израильге де дәл солай істей аламыз. Ол үшін күшті болуымыз қажет», - деді Ердоған.

Түркия 2020 жылы ұлттық келісім Үкіметінің күштеріне көмектесу үшін Ливияға әскер жіберді.

Сонымен қатар, түрік әскери күштері Таулы Қарабақтағы операциялары кезінде Әзірбайжан армиясына көмек көрсетті. Ресми Анкара Израильмен сауда қатынастарын толығымен тоқтатты.

Еске салайық, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС радикалды тобы Израильге шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қарсы әскери операцияны бастады. Газа секторында 35 мыңнан астам адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow