Ливандағы бітімгерлерге шабуыл жасалды: қазақ сарбаздарының жағдайы қандай?

Қазан 14, 2024 - 09:48
Ливандағы бітімгерлерге шабуыл жасалды: қазақ сарбаздарының жағдайы қандай?
Фото: Қорғаныс министрлігі

Израиль армиясы Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі танк қақпасын қиратып, бірнеше сарбазды жарақаттады. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта үш штабтық қазақстандық бітімгерлер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Қақтығыс аймағы олардың қызмет орындарынан алыста.

«Жағдай шиеленіскен уақытта қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Айта кетейік, құрамында 139 әскери қызметші бар қазақстандық әскерилер биыл бітімгерлік миссия орындау үшін Голан жоталарына жіберілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow