Астанада G-Park компаниясы құжатсыз тұрғын үйлер сала бастады – Үкімет басшысы

Мысалы, Ақтөбе облысында 11 объекті бойынша алданған үлескерлер 2 жылдан бері соттасып келеді

Сәуір 23, 2024 - 11:45
Сәуір 23, 2024 - 11:46
Астанада G-Park компаниясы құжатсыз тұрғын үйлер сала бастады – Үкімет басшысы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Үкімет басшысы Олжас Бектенов құрылысы проблемаға айналған тұрғын үйлер мәселесін көтерді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бірқатар өңірде нормативтік талаптардың бұзылуынан проблемалық объектілер жылдар бойы аяқталмай келеді. Олардың қатарына тағы да құрылыс нысандары қосылуы мүмкін. Бүгінде елімізде 39 құрылысы бітпеген проблемалық объект бар. Мысалы, Ақтөбе облысында 11 объекті бойынша алданған үлескерлер 2 жылдан бері соттасып келеді», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Премьер-Министр елордадағы құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерге жеке тоқталды. 

«Астанадағы «Араби-2 – Гранитный-2» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалық нысан деп танылған. Қазір 200-ге жуық отбасы үйлерін ала алмай отыр. Құжаттары дұрыс емес көптеген объектілердің құрылыс жұмыстары созылып кетуі мүмкін. Елордада G-Park компаниясы рұқсат құжаттарын алмастан 7 тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Ал оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салған», - дейді ол. 

Еске сала кетсек, Астана әкімдігі G-Park компаниясына 12 нысанды аяқтап, үлескерлерге кілт тапсырғанша жаңа құрылыс бастауға тыйым салған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow