Алматы облысында 15 жастағы қыздан ақша бопсалағандар анықталды

Полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Қыркүйек 27, 2024 - 09:27
Қыркүйек 27, 2024 - 09:29
Алматы облысында 15 жастағы қыздан ақша бопсалағандар анықталды
фото: видеодан скриншот

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің әлеуметтік желідегі парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

«Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді», - деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow