«Шындықты білгеннен бейшара болған жоқ»: Мақпал Жүнісова Мерейге қатысты құпия туралы айтты
Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты не үшін жайып салғанын оқырмандарына айтып берді, — деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, тыңдармандарының арасында “Мерейге шындықты айтпауың керек еді, бейшара қыздың өмірін құрттың ” деп сөгетіндер әлі күнге дейін бар көрінеді, деп жазады Stan.kz.
“Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқты басқа адамдар айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс”, – деп жазды халық әртісі.
Сонымен қатар қызының туған күніне қандай сыйлық бергенін де айтып, фотосын жүктеді.
“Қыздар демалып келсін деп шетелге жібердім. Мерей енді фотоларын желіге жүктеп жатыр. Туған күніне сыйлығым сол болды”, – деп жазды әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?