«Бишімбаев түрмеден қашып кетті»: ІІМ мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі жазбаға ресми жауап берді.
«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Осы орайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға және тек ресми деректерге сенуге шақырады.
«Осы іске қатысты жалған ақпаратты тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - деп ескертті комитеттен.
Сіздің реакцияңыз қандай?