Әзіл айтамын деп қамауға алынған танымал комик бостандыққа шықты
Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет.
Қазақстандық танымал стенд-ап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулік қамауда отырып шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Соттың шешіміне сүйенсек, ол 2024 жылғы 7 маусымында мейрамханалардың бірінде бейәдеп сөздер қолдана отырып айтқан әзілі үшін 10 тәулікке қамалған болатын.
Әзілкештің өзі әлеуметтік желіде бостандықта екенін жазды.
«Мен үйдемін. Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет», — деп жазған ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?