15 күндік карантинге түседі: Бишімбаевтың түрмеде қандай жұмыс істейтіні белгілі болды

Бишімбаев жазасын қандай түрмеде өтейтіні белгілі болды.

Шілде 18, 2024 - 14:51
Шілде 18, 2024 - 15:11
15 күндік карантинге түседі: Бишімбаевтың түрмеде қандай жұмыс істейтіні белгілі болды
фото: жоғарғы сот

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеде жұмыс істейтінін айтты, деп хабалады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жәнібековтың сөзінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Ең алдымен 15 күндік карантинге түседі. Қандай жұмыс істейтіні сол мекемеде шешілмек.

«Иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Біздің өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК-да ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша жұмыс таба алады. Мұның бәрі қай жерде және қандай бос жұмыс орны болатынына байланысты. Әрбір мекемеде жұмысқа орналасумен тікелей айналысатын жұмыспен қамту бөлімі бар», - деп толықтырды Теңізжан Жәнібеков.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow