«Бір қазағы жоқ ауылдардар бар: Бурахан Дақанов солтүстік өңірдің жағдайын айтты
Мұсылмандар солтүстікке жамағаттарыңды көшіріңдер, дейді ол.
Көпшілікті теріскейге көшуге шақырып жүрген қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» бағдарламасына берген сұхбатында «солтүстіктегі халықты орыстанып кетті» деп ойлайтын жұртқа жауап берді.
Оның айтуынша, оңтүстіктегі халық солтүстіктегі қазақтар туралы өте қате пікірде.
«Солтүстікте бірде-бір орысы жоқ қазақ ауылдары бар. Салт-дәстүрді керемет сақтаған. Соғымды жақсы жейді. Бірақ, бір қазағы жоқ орыс ауылдар бар. Тек шіркеуі ғана тұрады.
Мен мұсылмандарға да айтамын, «солтүстікке келіп мешіт салыңдар, жамағаттарыңды көшіріңдер» деп. Әйтпесе, шіркеудің қоңырауының ғана дауысы шығып тұратын ауылдар бар», - дейді белсенді.
Сондай-ақ ол сұхбатында Солтүстік Қазақстан облысындағы үш дәрәгердің біреуі оңтүстік өңірден көшіп келгенін айтты.
«Үш мұғалімнің немесе үш полицейдің біреуі оңтүстіктен көшіп келген», - дейді ол.
Бурахан Дақанов солтүстікке көш мәселесін тарихи жайт деп есептейтінін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?