Паралимпиада: Давид Дегтярев екі дүркін чемпион атанды

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірше үш медаль еншіледі.

Қыркүйек 5, 2024 - 00:09
Қыркүйек 5, 2024 - 09:28
Паралимпиада: Давид Дегтярев екі дүркін чемпион атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта Давид Дегтярев чемпион атанды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Давид Токиодағы жетістігін қайталап, Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы болды.

Париждегі бірінші мүмкіндігінде 185 келі салмақты бағындырды. Одан кейін 186, үшінші мүмкіндігінде 188 келіні еңсерді.

Күміс медальды кубалық параспортшы алса, қоланы қытайлық қарсыласы қанағат тұтты.

Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. 

Бұл - қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірше үш медаль еншіледі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow