Жетісу облысындағы балабақшаларда қылмыс жасағандар жұмыс істеген

Шілде 18, 2024 - 15:42
Шілде 18, 2024 - 15:54
Жетісу облысындағы балабақшаларда қылмыс жасағандар жұмыс істеген

Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 200-ден астам заңбұзушылықты анықтағанын хабарлады.

Атап айтқанда, еңбек заңнамасының талаптарына қарамастан, облыстың балабақшаларында бұрын қасақана жасаған қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істейтін болып шықты.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанындағы жолда жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілері болмаған.

«Ал Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған және бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. Салдарынан мекеме аумағына бөгде адамдардың кедергісіз кіруіне мүмкіндік берілген. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 22 қадағалау актісі енгізілді. 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow