«Бір адам қайтыс болды»: Ақтөбе облысында тікұшақ құлады

Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Қараша 9, 2024 - 13:01
«Бір адам қайтыс болды»: Ақтөбе облысында тікұшақ құлады
Фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында тікұшақ құлады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.

Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді.

"Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті ауыздықтады. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow