«Сылаң қыз» атты музыкалық комедия жанрындағы қойылым көрерменге жол тартты

Қараша 9, 2024 - 11:12
«Сылаң қыз» атты музыкалық комедия жанрындағы қойылым көрерменге жол тартты

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2024 жылдың 9, 10 қарашакүндері сағат 19:00-де Жісіпбек Аймауытовтың "Сылаң қыз" атты музыкалық комедия жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылының өмір шындығы мен ел тарихындағы әрқилы оқиғалар суреттелген  сатиралық шығарма – «Сылаң қыз».

Автор шығармасында рухани  мешеулікті шенейді, оқу-білімді дәріптейді. Қазақтың азаттығын, теңдігін аңсайды.

Пьесадағы  тартыс- өткір, характерлер - әрқилы, әлеуметтік қайшылық-айқын, образдар - дара.

Комедиялық қойылымда нәпсі тұтқынындағы адамдардың мінін, мінезін әзілмен әжуалау арқылы адам бойындағы  кемшіліктерден (оның сөзі, ісі, нәпсісі) арылу көзделген.

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасында  өз заманының ғана емес, бүгінгі адамзат қоғамының да картинасы бар.

Қойылым тобы: Қоюшы режиссері және сценограф – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріАсхат Маемиров, костюм суретшісі – Айдана Еңгебай, жарық қою суретшісі – Ермек Мұхтарұлы, дыбыс режиссері – Мерген Ажбаев, қоюшы хормейстері – Еламан Иманбаев, режиссердің ассистенті – Бауыржан Нұрбаев, режиссердің көмекшілері – Еламан Иманбаев, Азамат Болатов.

Кейіпкер мен орындаушы: Бәтима (бойжеткен) – Жанель Нұрмағанбетова, Гүлден Құрмет, Жабағы бай (Бәтиманың әкесі) – Абзал Арапов, Ақәділ Иманғали, Айсұлу (Бәтиманың анасы) –  Қалима Наушабаева, Диана Тұржанова, Хакім (оқыған жігіт) –  Ернар Мұхамбет, Ермахан Аймахан, Нұрмаш (жас ақын) –  Дінислам Нұрмағанбетов, Нұржас Садырбаев, Әбутәліп (мұғалім) – Аққанат Қуандықов, Мақсат Қабдеш, Махмұд (Салтанаттың күйеуі, шопан 30 жаста) – Сүндетхан Дүйсехан, Нұрдәулет Кеңшілік, Өмірзақ (Жабағы байдың атқосшысы) – Ильяс Өтетілеу, Бейбарыс Жүзбай. Көпшілік сахнада – Комсомол жастар, қыздар мен жігіттер.

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow