Түрмедегі бір адамды ұстау үшін қанша ақша кетеді

Сотталғандарға күн сайын бюджеттен 225 миллион теңге жұмсалады.

Шілде 18, 2024 - 22:42
Шілде 18, 2024 - 22:42
Түрмедегі бір адамды ұстау үшін қанша ақша кетеді
фото: Sputnik / Владимир Песня

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов түрмедегі бір адамға бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын айтты.

Оның мәліметінше бүгінде сотталған бір адамды түрмеде бір тәулік ұстауға бюджеттен 7 500 теңге бөлінеді. Ал сотталғандардың жалпы саны – 30 мың адам.

"Оларды ұстауға күн сайын бюджеттен 225 миллион теңге жұмсалады", - дейді Баймағанбетов.

Түрмеде отырған 30 мың адамның ішінде екі мыңнан астамы – әйелдер. Ал республика бойынша тергеу изоляторларында 7 мың адам отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow