Елге оралған Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады

Әлемнің үш дүркін чемпионы болуға тырысамын, дейді ол.

Тамыз 12, 2024 - 09:57
Тамыз 12, 2024 - 10:58
Елге оралған Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады
Фото: Еламан Турысбеков/Kazinform

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай Алматыға ұшып келді. Алматылықтар спортшыны салтанатты түрде күтіп алды. БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Назым Қызабай жарыстан кейінгі өз әсері тураля баяндады.

 - Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қолаға қол жеткіздік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім. Парижде жүріп, ең бірінші анамның тамағын аңсадым, - деді ол.

Сондай-ақ Олимпиада жүлдегері әлемнің үш дүркін чемпионы болуға мақсат қойғанын тағы да атап өтті.

- Алдағы жоспар бойынша енді келдік, сондықтан біраз демаламын. Әрі қарай бапкеріммен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Бірақ бізде үш дүркін әлем чемпионы жоқ. Сондықтан тарихта із қалдыру үшін барымды саламын және соған қол жеткіземін деп ойлаймын, - деді Назым Қызайбай.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow