Бір әйел көз жұмды: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Ақпан 23, 2024 - 09:44
Бір әйел көз жұмды: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Астанада жол апаты болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Елордада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

"Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow