Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты
280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған.
Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза тапты, — жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Massaget.kz жазуынша, қайғылы оқиға Соколовско-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне қарасты "Соколовская" кенішінде болды.
Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.
"280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты.
"ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - делінген жауапта.
Оқиға қатысты тергеу басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?