Атырауда бес бала аттракционнан құлап, ауруханаға жеткізілді

“Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды.

Шілде 4, 2024 - 12:11
Шілде 4, 2024 - 12:14
Атырауда бес бала аттракционнан құлап, ауруханаға жеткізілді
Фото: видеодан кадр

2 шілде күні Атыраудағы “Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалғанын көруге болады. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен бас бала облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы, 2 бөліміне (Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow