Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынды
Сонымен қоса ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді адам қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Биыл 4 ақпанда тәртіп сақшылары Toyota Сamry көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев есімді азамат тізгіндеген.
"Полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіге арнайы түтікше үрлетіп, тексерістен өткізген. Тексеріс нәтижесі бойынша полицейлердің күдігі расталған. Салдарынан ол 15 тәулікке қамалды. Сонымен қоса 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі тұраққа қойылды. Дегенмен Назарбаев сот шешімімен келіспейтінін атап өткен", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?