«Жүрегім ауырады»: Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жұртты жылатты

Аруағыңды қорлатуға жол бермеймін!

Наурыз 6, 2024 - 17:21
Наурыз 6, 2024 - 17:23
«Жүрегім ауырады»: Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жұртты жылатты
Фото: bugin.kz

4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында жер опырылып, ішінде 4 жолаушысы (3 құтқарушы мен 1 жүргізуші) бар автобус шұңқырға құлап кетті.  Қаза тапқан 2 адамның денесі шығарылды. Тағы екеуі әлі табылған жоқ. Соның бірі Нұрсұлудың жары Айдос Шаймерден болатын, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Жаным, Айдос! Қанша жүрегім ауырса да сені құтақара алмай жүрген жерге келіп жүрмін. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқарсаң да сені ешкім құтқара алмай қалды. Жүрегім ауырады. Бүгін 60-күн ғой. Бір үмітпен жүрмін. Аруағыңды қорлатуға жол бермеймін! Мен ойлағандай болмаса алды-артыма қарамаймын! Сенің аруағыңды қорлағысы келіп тұрған адамдарды бір Аллаға тапсырдым", – дейді ол.

Еске салсақ, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow