«Әскердегі азғындықты ірі лауазымды, шенді мен шекпенділер жасайды» - Айгүл Орынбек

Наурыз 4, 2024 - 11:12
Наурыз 4, 2024 - 11:13
«Әскердегі азғындықты ірі лауазымды, шенді мен шекпенділер жасайды» - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында әскердегі зорлық-зомбылықтың асқынып тұрғанын айтып тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, осындай зорлық-зомбылықтың салдарынан өздеріне қол жұмсап жатқандар көп.

«Қаншама сарбаз әскерде өздеріне жасалған зорлық-зомбылықты көтере алмай, жанайықайын жеткізе алмай жынданып, тіпті салдарынан өз-өздеріне қол жұмсап жатыр...
Көптеген сарбазды жындыханаға жатқызып қойғанын да білем. Біз көбінесе себебімен емес, салдарымен күресеміз… Шындық осы!
Тараздағы қайтыс болған жігіттің киімінен, ауыз қуысынан «сперма» табылды деген еді…- оны да ашып тергеген жоқ, бір адамның мойнына іле салды. Болды!
Отардағы қайтқан жігіттің атын «Айжамал» деп атаудың өзі - күдік тудырған еді. Ол жігіттің өліміне де жәй қатардағы сарбаз кінәлі болып шыға келді», - дeп жaзғaн өзiнiң Facebook пaрaқшaсындa.

Ол сондай-ақ, мұндай қылмыстар көбіне лауазымды тұлғалар тарапынан жасалатынын айтады. Осыған байланысты мұндай жағдайлар көбіне ашылмай қалады.

«Ең сорақысы - бізде бұндай санатты қылмыстар жасалады, бірақ бізде ауыр қылмыстар орын алса да, ол ашық айтылмау керек!
Себебі бұндай азғындықты ірі лауазымды, шенді мен шекпенді адамдар жасайды.
Бүгін әскери шені «подполковник» күдікке ілініпті деген ақпарат шықты. 
Ол он төрт жасар баламен кездесуге барып кездеспекші болған. 
Ал әскери бөлімде бәрі жабық, сыртқа шығып айта алмайсың, соңында түрлі зорлық сипаттағы “қитұрқылықтар” мен психикалық қысымның нәтижесінде - не жынданасың немесе өзіңе қол жұмсайсың! Бітті!

Мына тараған ақпарат негізінде айтарым:
Құрметті Сенат төріндегі және Мәжіліс мінберіндегі Депутаттар!
Шұғыл түрде комиссия құрылып, әскери бөлімдерден анонимді сауалнама жүргізу керек! Бұл сауалнама әскери бөлім басшылығы мен қызметкерлері ықпал ете алмайтындай жағдайда алынуы тиіс!
Бастысы, бұл комиссия құрамында құзырлы орган өкілдерінен бөлек, қоғам қайраткерлері мен ата-аналар міндетті түрде болу керек!
Біз зорлық-зомбылықтан өз баламызды - өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім қорғамайды!», - деп жазған ол. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow