«Нұрлан Қоянбаевтың түсіріп жүргені далбаса» – Нұржұман Ықтымбаев

Комедия деген – өте терең, ауыр дүние.

Наурыз 4, 2024 - 10:38
Наурыз 4, 2024 - 10:40
«Нұрлан Қоянбаевтың түсіріп жүргені далбаса» – Нұржұман Ықтымбаев
Коллаж: sadaqmedia.kz

Қазақстанның халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, актер Нұржұман Ықтымбаев әзілкеш, соңғы жылдары комедиялық жанрдағы кино түсіріп жүрген Нұрлан Қоянбаевты сынға алды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде актердің сұхбат беріп тұрған видеосы тарады. Онда ол тілшіге Нұрлан Қоянбаевтың фильмі жайлы өз ойын айтады.

«Нұрлан Қоянбаев дегеннің түсіріп жүргенінің бәрі «ерунда». Оның фильмдері комедия емес, далбаса. Комедия деген жылатып отырып, күлдіру керек. Комедия деген – өте терең, ауыр дүние. Сахнаның өзін комедия жасаймыз деп, айғайға толтырып жібердік. Бұралқы сөздер көп. Комедияда астарлы әзілдер болуы тиіс. Қазір кинолардың сапасы ортадан төмен. Өзім соңғы жылдардағы кинолардың ешқайсысына барған жоқпын. Жақсы актерлер бар, олардың бәрін қор қылып жібердік. Алла Тағала берген қасиеттерін бұзбай, салмақты рөлдер беру керек. Сол кезде жақсы рөлдер жасайды. Мықты актерлерге жеңіл-желпі рөл береді. Содан кейін қадірі кетеді», – дейді Нұржұман Ықтымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақша бизнес» комедиясының алғашқы бөлімі 2016 жылы түсірілді. Ал Нұрлан Қоянбаев – миллиард касса жинаған отандық тұңғыш кинопродюсер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow