Алматыда тағы да қатты жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
Алматыда бүгін сағат 11:22-де жер сілкінісінің 5 балдық күші сезілген. Зілзала ошағы қаладан 31 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Құлақтандыру жүйесі іске қосылған. ТЖМ бұл жолғысына “қатты жер сілкінісі” деп баға берді.
– 4 наурыз сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі өңделіп жатыр. Эпицентрі, қанша бал болғаны туралы ақпарат нақтыланады, – деп хабарлады ТЖМ.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 13.2.
MPV магнитудасы: 6.1.
Эпицентрдің координаттары: 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі: 10 км.
Алматы қаласының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?