Боранбаев мемлекетке мұнай компаниясын қайтарды

Жарияланған жай акциялардың жалпы саны 18 500 000 дана, оның ішінде 13 749 100 жай акциялар орналастырылған.

Тамыз 1, 2024 - 17:38
Тамыз 1, 2024 - 17:39
Боранбаев мемлекетке мұнай компаниясын қайтарды
Фото: ФК

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет балансына өтті. Мұны ресми құжаттар растап отыр, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.  

1 тамызда KASE веб-сайтында жарияланған акционерлер тізіміндегі үзінді көшірмеге сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Phystech II АҚ жалғыз акционері ретінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті көрсетілген, деп жазады Kazinform.

Жарияланған жай акциялардың жалпы саны 18 500 000 дана, оның ішінде 13 749 100 жай акциялар орналастырылған.

Бұған дейін мемлекетке қайтарылған мүліктер, олардың құны және қалай пайдаланылатыны туралы хабарланған болатын.

Сот шешімімен кәсіпкерден мемлекет пайдасына төмендегі мүліктер тәркіленді:

- Алматы қ. Әл-Фараби 77/7-1 көшесіндегі жер учаскесі бар коммерциялық үй-жай. Құны 686 млн теңгеге тең;

- Халық банкі шотындағы қаражат - 1 млрд 270 млн 190 мың теңге;

- Халық банкінің түрлі шоттарына салынған 5 млн 685 мың 727 АҚШ доллары, 1 миллион 170 мың 329 АҚШ доллары 755 миллион 859 мың 601 теңге, 193 миллион 170 мың 137 теңге.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow