Қазақстанның 92 азаматы мен отбасы мүшелері Газа секторынан Мысыр аумағына өтті

Қараша 15, 2023 - 12:22
Қазақстанның 92 азаматы мен отбасы мүшелері Газа секторынан Мысыр аумағына өтті
Сурет СІМ сайтынан алынды
Қазақстанның 92 азаматы мен отбасы мүшелері Газа секторынан Мысыр аумағына өтті
Қазақстанның 92 азаматы мен отбасы мүшелері Газа секторынан Мысыр аумағына өтті

Бүгін Қазақстанның 92 азаматы мен олардың отбасы мүшелері Газа секторынан Мысырға өтті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялаудың бірінші кезеңі аясында азаматтар "Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Мысыр еліне жеткен. Енді олар аман-есен Каир қаласына жеткен соң, Қазақстан үкіметі оларды елге жеткізу үшін арнайы борт жібереді. 

"Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді. Айта кететін жәйт, ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмыс жалғасады", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 


Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow