"Пошел на х..!". Өзбек саясаткері орыс жазушысының ұсынысына қатты тіл қатты
Өзбекстандағы белгілі журналист, саясаткер Расул Көшербаев Ресей жазушысы Захар Прилепинмен әлеуметтік желі арқылы дауласып жатыр, деп жазады sadaqmedia.
Бұдан өзге, осы сағатқа белгілі болып отырғандай, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Прилепиннің мәлімдемесінен кейін өз еліндегі Ресей елшісі Олег Мальгиновты министрлікке шақырған.
Даудың себебі орыс жазушысы Прилепиннің Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығы және халқының тіліне қатысты айтқан пікірі. Дәлірек айтсақ, 20 желтоқсан күні баспасөз мәслихатын ұйымдастырған ол Орта Азия елдерінен Ресейге келіп жұмыс істейтін қара жұмысшыларға қатысты пікір білдіре отырып, ол елдердің аумақтық тұтастығына қол сұққан болатын.
"Мен ақымақтың әңгімесін айтып отырған жоқпын, шынымды айтып отырмын: біздің елге келіп жатқан гастрабайтерлердің аумағын өзімізге қосып, оларға сол елдерінде орыс тілін үйрету керек. Яғни, біздің елде емес, мәселен, Өзбекстанда делік. Біз Кеңес Одағын ыдырату жөніндегі құжатты жоққа шығару тақырыбын талқыға шығарамыз, сол арқылы "сіздердің 2 млн халқыңыз біздің аумақта жүргендіктен, біз сіздің еліңізден дәмеліміз" дей аламыз", - деген болатын Прилепин.
Бұны естіген өзбек журналисі Расул Көшербаев өз телеграм арнасы арқылы орыс жазушысына жауап берді.
"Прилепин мырза мен Өзбекстанды басып аламыз деген өзге де мырзаларға өздері түсінетін тілде жауап берейін: "пошел на х...", - деп жазды Көшербаев.
Прилепин болса Көшербаевты "шовинистке" теңеп, Кремльден оған қатысты шара қолдануды сұрады.
Сіздің реакцияңыз қандай?