Армения ОДКБ-дан шықты
Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік
Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) ұйымындағы мүшелігін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ел премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
«Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселе біздің назарымызсыз тыс қалмады. Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік», - деді Пашинян сұхбат барысында.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы – төтенше жағдай туындаған кезде серіктес елдердегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында ТМД мемлекеттері құрған әскери-саяси одақ. Ұйым 1992 жылы құрылды. Оған Армениядан бөлек, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мүшелік етеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?