Үндістандағы жеке клиникалардың бірінде қазақстандық әйелді зорлап кетті
25 жастағы үндістандық мейіргер ем алып жатқан 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
“Тhe times of India” басылымының жазуынша, ол 12 шілде күні қызымен бірге Үндістанға емделуге барған. Ол жексенбі күні Гургаон қаласындағы Артемис ауруханасында тізе артроскопиясынан өтіп, оңалту бөліміне ауыстырылған.
Басылымның мәліметінше, 25 жастағы мейіргер Такур Сингх науқастың жөргегін ауыстырып жатқанда оның денесіне қол жүгірткен. Мұны қандай да бір қателік болар деп ойлаған науқас мейіргердің жыныстық сипаттағы әрекетін бірнеше мәрте байқаған. Сөйтіп бұл туралы қызына айтуға мәжбүр болған. Қазақстандық әйелдің қызы бұл жағдайды аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақырған.
“Науқастың қызының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Аурухана науқастардың қауіпсіздігіне баса назар қоятынын мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық мекемедегілер тергеудің әділ өтуіне атсалысатынын жеткізді”, – деп жазды басылым.
Тергеу аяқталғанша мейіргер жұмыстан шеттетілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?