«Миы шайқалған»: Алматыда балабақшалардың бірінде сұмдық оқиға болды (ВИДЕО)

Балабақшада бір топ бала бүлдіршінді жабылып ұрған.

Ақпан 23, 2024 - 15:49
Ақпан 23, 2024 - 15:51
«Миы шайқалған»: Алматыда балабақшалардың бірінде сұмдық оқиға болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде балабақшада бір топ бала бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?", - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы. 

Қалалық білім басқармасы жағдай "№51 бөбекжай-бақша" балабақшасында болғанын мәлім етті.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.

Алматы қалалық Полиция департаменті бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылатынын хабарлады. Полицияның мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсірген.

«Үш жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow