Адам ұйықтағанда неге қорылдайды?
Осылай күн сайын үзбей жасасаңыз, жарты айдан кейін қорылдан құтылуға болады.
Статистика бойынша, әлемде ер азаматтардың шамамен 40 пайызы, ал әйелдердің 30 пайызы қорылдайды екен.Жалпы, қорылдау – аса қауіпті дерт емес. Алайда бұл адам денсаулығында кінәрат барын білдіруі мүмкін.
Қорылдайтын адам өзінің бұл әрекетін сезбейді. Алайда айналасындағыларды жайсыз күйге түсіріп қана қоймай, өзі де шаршаңқы жүреді, өйткені ұйқы қанбайды. Сонымен бірге дұрыс ауа жұтпағандықтан көбіне таңертең басы ауырып оянады. Бұдан адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болуы мүмкін.
Қалай емдеуге болады?
Қорылды емдеудің түрлі жолы бар. Мысалы, үй жағдайында емдеу, лазермен ота жасау және т.б.
Ұйықтағанда қорылдамау үшін жатын бөлмедегі ауаны ылғандандырыңыз және шалқаңыздан жатпауға тырысыңыз. Зиянды әдеттерден арылғаныңыз жөн. Өйткені ұйқы алдында шылым шегіп, спиртті ішімдік ішу қорылдауға себеп болады. Содан кейін биік жастық қоймауға тырысыңыз. Бөлмеге ит-мысықты кіргізбеңіз.
Бұдан бөлек, ұйықтағанда қорылдамау үшін жұмсақ таңдайды шынықтыратын жаттығу жасап көріңіз. «И» дыбысын жұтқыншақ, таңдай, мойын бұлшық еттеріне күш сала отырып, созып, бірнеше рет қайталап айту қажет. Бұл жаттығуды таңертең және кешке 20-30 реттен қайталау керек. Осылай күн сайын үзбей жасасаңыз, жарты айдан кейін қорылдан құтылуға болады.
Егер бұл әдістер көмектеспесе, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
aikyn.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?