«Алматыда шытынаған жер көп»: Мэлс Елеусізов 7 миллион адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Қараша 12, 2024 - 16:15
«Алматыда шытынаған жер көп»: Мэлс Елеусізов 7 миллион адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында Алматыда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Экологтың айтуынша, 100 жыл бұрынғы жойқын жер сілкінісі қайталанса, 7 миллион адамның өміріне қауіп төнеді.

"Негізі жер сілкінісі зерттелген дүние. 1887 жылы бір рет жер сілкінді. Сосын Кемен жер сілкінісі 1911 жылы болды, ең қатты болғаны сол. Келесісі биыл қаңтарда болды. Соңғысы халықты аяғандай болды, өйткені ол 9-10 балға дейін жетуі мүмкін еді. 1911 ақпанда жер сілкінісі кезінде тау екіге айырылып, қазір орнында үлкен көл пайда болды. Осындай тағы бір жер сілкінісі болғанда Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Түрікменстан, жалпы алғанда 7 миллион адамның өміріне қауіп төнетін еді. Алматының жағдайы да ауыр болып тұр, бірақ Үкімет ешнәрсе істеп отырған жоқ. Табиғи апатқа дайындалу керек, әрине, бірақ халықтың жаппай қырылуына жеткізбеу керек. Қазір не істеп жатыр? Алматының быт-шытын шығарды. Қалада 20 қабатқа дейінгі үйлерді соғып жатыр, жел соқпайды. Қауіпті", - деді ол.

Мэлс Елеусізов Алматыда жарылған жердің көп екенін ескертті.

"Ерболат Досаев келді, мен оны бірнәрсені өзгертетін шығар деп үміттеніп едім, алайда ешқандай өзгеріс жоқ, құрылысты ұрып жатыр. Алматыда жердің шытынаған жері көп. Олар ешнәрсені ойлап жатқан жоқ, құрылыс компаниясы мен әкімдіктің ойлап жатқаны тек ақша. Бұрын 5 қабаттан артық салмайтын, үйлердің арасы кең еді, табиғи апат кезінде жылдам далаға шықса, төбесінен ешнәрсе құламайтын. Ал қазір жойқын жер сілкінісі болса, адамдар аулаға шыққанымен, төбесінен көпқабатты тұрғын үйлер құлайды. Үйлерге үлкен терезелер қойылып жатыр, оның бәрі қауіпті. Билік халықты қыруға дайындап отыр. Басқаша қалай ойлауға болады? Ерболат Досаев екі жылдан бері әкім болып отыр, ойланса болады ғой. Жарылған жердің маңынан салынған үйлердің бәрі опырылып түседі. Мәселен, өзен жүрген жерлерде жер шытынаған", - деді ол.

Еске салайық, 5 қарашада алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow