«Алаяқтар көбейіп кетті»: Елімізде садақа беруге тыйым салынуы мүмкін
Аталған мәселенің әлі қаралып жатқаны, бірден қабылданбайтыны белгілі болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Аталған мәселенің әлі қаралып жатқаны, бірден қабылданбайтыны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. Министрдің сөзінше, қайырымдылық мақсатындағы қаржы жинау тетігі азаматтық қоғамның қатысуымен талқыланады, сосын барып жан-жақты шешім қабылданады. Десе де, Аида Балаева қоғамдық талқылаудың қашан өтетіні туралы дерек келтірмеді. Мәжіліс отырысынан кейін ол БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді. Ішінде қайырымдылыққа ақша жинауға тыйым салу мәселесі де бар.
"Жұмыс тобы құрылды, мәселе талқыланып жатыр. Нақты шешімдер әлі жоқ, өйткені барлық ұсынысты жинап, сарапшылардың пікірін зерттейміз. Мұндай бастамалар жай ғана қабылданбайтынын түсіну керек. Алыпсатарлық, алаяқтық фактілер бар. Осыған орай, қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырамыз", – деді ол.
Сондай-ақ, ведомство басшысы бұл қадамның көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін жасалғанын жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?