Қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салынатын болды

Маусым 14, 2024 - 12:38
Маусым 14, 2024 - 15:05
Қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салынатын болды

Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарауды жоспарлап отыр. Ермұрат Бәпидің сөзінше, заң алдымен күзде талқыдан өтеді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

«Заң қабылданған соң елде бірқатар сұрақтар шешіледі. Оның ішінде мектепке діни киіммен келу де бар. Оғар толық тыйым салынады. Заң нормасын ұсынғандардың бірі менмін, сондықтан қандай нормалар барын білемін», - деді ол.

Өзгерістердің қатарында қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастырылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow