Ақтауда жертөледе қызды зорлаған: полиция еш түсініктеме бермей отыр

Қыркүйек 7, 2024 - 10:13
Қыркүйек 7, 2024 - 10:14
Ақтауда жертөледе қызды зорлаған: полиция еш түсініктеме бермей отыр

Ақтауда жертөледе қызды зорлаған. Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылымына ақтаулықтар хабар беріпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция әзірге аталмыш ақпаратқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Яғни, ақпаратты не растамады, не жоққа шығармады.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында 9-шағынаудандағы №30 үйде тұрған.

Қаскөй қызды жертөлеге сүйреп апарып, дауыс көтере бастаған. Оқиға орнына полиция келіп,  аумақты қоршап алды.

БАҚ қызметкерлері құқық қорғау органдарынан қандай да ақпарат ала алмай отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow