Такси құны бойынша Қазақстан ТМД-да көш басында

Сәуір 23, 2024 - 15:38
Сәуір 23, 2024 - 15:43
Такси құны бойынша Қазақстан ТМД-да көш басында

Жыл басынан бері Қазақстанда такси қызметін 13,9 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғыдан қарағанда 4,9% аз. Өңірлер бойынша таксилер ең көп жолаушыны Алматыда (2,5 миллион адам), Астанада (1,5 миллион адам) және Қарағанды облысында (1,1 миллион адам) тасымалдаған. Бұл туралы Sadaqmedia.kz   ақпарат порталы Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең аз ресми такси қызметтері Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарында пайдаланылған.

Еліміздің 20 өңірінің 9-ында саладағы жолаушылар тасымалы 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Жолаушылар санының ең көп азаюы Атырау облысында байқалды: бір жыл бұрын 3,4 миллион адам болған. Ал қазір 290,8 мың адам ғана қызметті пайданаланады. Бұл азаюдың басты себебі – еліміздің солтүстік өңірлерінде су тасқыны болғаны.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда такси тасымалдаудан түскен табыс бір жыл бұрынғы 1,4 миллиард теңгемен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге жетті. Құндық мәндегі өсім 46,5%-ға тең.

Такси тасымалдаудан ең жоғары табыс Қарағанды облысында тіркелді: 790,4 миллион теңге болса, ал бір жыл бұрын 567,9 миллион теңге ғана пайда көрген. Одан кейін Астана (558,3 миллион теңге) және Алматы (297,9 миллион теңге) қалалары тұр.

Бағаларға келсек, 2024 жылдың наурыз айының соңында такси тарифтері айына 0,6% және жылына 12,3% көтерілді. Ай сайынғы динамика бойынша бағаның өсуі тек Алматы мен Астанада байқалды: тиісінше 5% және 2%. Басқа аймақтарда баға бұрынғы деңгейде қалды.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсуі Алматыда тіркелді – 40,6%. Одан кейін Ақтөбе облысында (22,1%) және Шымкентте (16,9%) анықталды. Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында 1,2% көтерілді. Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға былтырғы деңгейде қалды.

2024 жылдың 16 сәуіріндегі ахуал бойынша Қазақстанда, Numbeo деректеріне таксимен жүру құны орташа есеппен бір шақырым үшін 0,67 доллар болды. Бұл үшін ел ең қымбат 95 елдің ішінде 73-орынды иеленді. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары баға рейтингіне енгізіліп тұр.

Салыстыру үшін Әзірбайжанда бір шақырымға 0,59, Ресейде 0,32, Беларусьте 0,31, Арменияда, Украинада және Өзбекстанда 0,3 доллар төленеді. Ең жоғары көрсеткіштер Швейцарияда (бір шақырым үшін 4,39 доллар), Кувейтте (3,25 доллар) және Ямайкада (3,23 доллар) тіркелді. Ал ең төменгі көрсеткіш Филиппинде (бір шақырым үшін 0,25 доллар) болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow