Ақсу зауытындағы өрт: комада жатқан қыз көз жұмды

Дәрігерлер оның денесінің 80-85 пайызын күйік шалғанын, кейін комаға түскенін хабарлаған еді.

Мамыр 31, 2024 - 10:07
Мамыр 31, 2024 - 10:09
Ақсу зауытындағы өрт: комада жатқан қыз көз жұмды

29 мамырда Павлодар ауруханасында өткен аптада "Ақсу ферроқорытпа зауытындағы" (АФЗ) өрттен зардап шеккен 25 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

АФЗ-де кран машинисі болып жұмыс істеген оны 25 мамырда санавиациямен Ақсудан Павлодарға жеткізген еді. Өрттен қатты күйген әйел қалалық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Дәрігерлер оның денесінің 80-85 пайызы күйік шалғанын, кейін комаға түскенін хабарлаған еді. 

"25 жастағы науқас 25 мамырда №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Өндірістік жарақат нәтижесінде оның денесі 80-85 пайызын термиялық күйіп қалған. Басы, беті, мойны, денесі, қолдары мен аяқтары күйген. 3-4 дәрежелі күйік шокы. Қыз реанимация бөлімінде, комада", - деп хабарлаған болатын Павлодардың №1 қалалық аурухана мамандары. 

Зауыттағы төтенше жағдай 24 мамырда болды, жұмыс кезінде екі кран машинисі термиялық күйік алған.  Өрттен зардап шеккен екінші адам – 1985 жылғы әйелдің оң қолы күйген, дәрігерлер оны үйден ем алуға жіберді.

Алдын ала ақпарат бойынша, 24 мамырда "Ақсу ферроқорытпа зауытында" жұмыс кезінде балқыған металл құйылған ыдыс аударылып кетіп, салдарынан №3 және №4 кран машинистері жараланды деді еңбек басқармасы. Бұл жайтты жазатайым оқиға деп тергеп жатыр.

70 мыңға жуық халқы бар Ақсу қаласында орналасқан "Ақсу ферроқорытпа зауыты" – хром, кремний және марганец қорытпаларын шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Ол "Еуразия тобы" (ERG) құрамына кіретін "Қазхром" компаниясына қарайды.

2020 жылы зауыттың 6-цехінде бір кран машинисі жараланып, денесінің 10-12 пайызы күйіп қалған.

Былтыр 21 маусымда зауытта өрт шыққан. Құтқарушылардың дерегінше, №4 балқыту цехінде трансформатор өртенген. Оны сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қолы жараланып, ауруханаға жатқызылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow