«Теріңізді бөпенің бетіндей ететін» маска сатып, лоторея ойнатқан Тұрсынбаева жауапқа тартыла ма?

Туризм және спорт министрлігі осыған дейін instagram желісінде заңсыз ұтыс ойын ұйымдастырған бір блогерді құқық қорғау органдарымен бірлесіп жазалаған болатын.

Мамыр 31, 2024 - 09:40
Мамыр 31, 2024 - 10:38
«Теріңізді бөпенің бетіндей ететін» маска сатып, лоторея ойнатқан Тұрсынбаева жауапқа тартыла ма?
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде өзінің курсы мен өнімін сататын блогерлер өнімдерін өткізу үшін оқырмандарының арасында ұтыс жариялайды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Мәселен, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 4800 теңгенің бетке арналған маскасын сатып, оны алғандар арасында Mercedes-Benz G55 көлігін ойнатқалы жатыр.

Ал Төреғалидың қарындасы Фариза Төреәлі қыздарға арналған «Қыздар құпиясы» атты курс сатып алғандар арасында электромобиль мен пәтер ұтысын ойнатпақ.

Туризм және спорт министрлігі осыған дейін instagram желісінде заңсыз ұтыс ойын ұйымдастырған бір блогерді құқық қорғау органдарымен бірлесіп жазалаған болатын.

Біз Айнұр Тұрсынбаева мен Фариза Төрәлінің ұтысына қатысты Туризм және спорт министрлігіне сауал жолдаған едік. Олар бізге лотерея қызметін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетінін хабарлап, біраз нормасын түсіндірді. Бірқатар нормаға сай, құзырлы орган Тұрсынбаева мен Төрәлінің ұтыс ойындарынан заңсыздық таппағанын хабарлады.

«Instagram» әлеуметтік желісінің «aidyn_nury» («Gold Gleam» маскасы) және «farizatoreali»(«Женские секреты 6.0» курстары) аталған аккаунттарында тауарларын (қызметтерін) сатады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде осы аккаунттарда көрсетілген әрекеттерді зерделеп Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті өз құзыреті шегінде заңсыз лотерея ұйымдастыру белгілерін анықтаған жоқ»,- деп хабарлады министрлік өкілдері.

Еске салсақ, елімізде «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне рұқсат жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow