Астанада 16 бала уланды
Барлығы да дүкеннен алынған бәліш жеген. Ал өндіріс орнында арнайы рұқсат болмаған.
Астанада бәліш жеген 16 бала астан уланды.
Ақпарат бойынша өндіріс орнында арнайы рұқсат болмаған.
"Бәліштерді тасымалдау кезінде сақтау талаптары бұзылған. Салдарынан Астанада 16 бала уланды. Өндіріс орны Қосшыда орналасқандықтан, ақмолалықтар да зардап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Тексеріс кезінде компанияға қыруар айыппұл салынғаны белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?