Біреуге берген қарызыңызды да декларациялау керек - сарапшы
Жалпыға бірдей декларациялау алдында жыл соңына дейін қарыздарды нотариус арқылы куәландырып, қарыз сомасын декларацияға қосу керек, деп хабарлайды sadaqmedia uchet.kz сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер үшін жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. «Учёт» компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев декларациялау алдында қарыз берген адамдарға кеңес айтты.
«Мысалы, сізге біреу қарыз. Айталық, туысыңыз10 млн теңге қарызға алып, белгілі бір мерзімде қайтаруға уәде берген. Егер сіз бұл қарызды декларацияға жазбасаңыз, бұл келешекте салық салуға әсер етуі мүмкін. Борышкер қарызын қайтарған кезде, оны келесі декларацияларда көрсетуге болады (270нысан). Сіз қайтарылған қаражатқа үлкен сауда жасағанда, онда бұл қаражаттың шығу тегі қазірдің өзінде түсінікті болады. Мемлекет сіздің бұл ақшаңызға қатысты сұрақ қоймайды», - деді Максим Барышев.
2024 жылы декларацияны тапсыратындарға Барышев 2023 жылы қарыз сомасын қолхатта көрсетіп, оны нотариус арқылы куәландыруды ұсынады. Сонымен қатар, ол декларацияда көрсетілуге міндеттіақша қаражаттарына да тоқталып өтті.
«Декларацияда көрсетуге болатын қолма-қолақшаның ең жоғары сомасы – бір адамға 34,5 млн теңге. Сондықтан, сейфтік ұяшықтарда немесе үйдеосы сомадан көп қаражаты бар тұлғалар 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қаражатты банктегі шоттарына немесе депозитке салуы керек. Мысалы, сіз пәтер сатып, 100 млн қолма-қол ақша алдыңыз делік. Менің ұсынысым – оны тым болмағанда бір айға депозитке сала тұрыңыз", - деп кеңес береді Максим Барышев.
Сіздің реакцияңыз қандай?