Қорғаста қазақ қыздарын жезөкше ретінде құлдыққа тартқан шетел азаматтары ұсталды

Қазан 30, 2023 - 11:34

Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, “Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы”  аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенін бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, аталған әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған. Қылмыстық “бизнес” жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.

«Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды», - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow