Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда аз

Ерлер үшін орта есеппен сағатына төленетін ақы 2,2 мың теңге, ал әйелдердікі 1,8 мың теңге, яғни 19,5% аз.

Наурыз 5, 2024 - 10:54
Наурыз 5, 2024 - 10:55
Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда аз

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша жаһандық рейтингтегі 146 елдің ішінде 62-орында, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бір жыл бұрын еліміз 65-орында болса, 2021 жылы 156 елдің ішінде 80-орында болған. 

Ал ТМД елдері арасында Молдова 19-орын, Беларусь 41-орын, Армения 61-орынға жайғасты. Рейтингте Исландия, Норвегия, Финляндия, Жаңа Зеландия, Швеция және Германия көш бастап тұр.

Теңсіздікті қалыптастыратын күрделі мәселелердің бірі – гендерлік алшақтық, жалақыдағы айырмашылық. Қазақстанда бұл ерекшелік байқалады. Әсіресе, еңбек сағатына төленетін ақыда айырмашылық көп, тіпті олардың тәжірибесі мен лауазымы бірдей болса да, ерлер көбірек алады. Ерлер үшін орта есеппен сағатына төленетін ақы 2,2 мың теңге, ал әйелдердікі 1,8 мың теңге, яғни 19,5% аз.

Қазақстандық әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлерге қарағанда 21%, медианасы – 14,4% аз. Айтарлықтай айырмашылық HoReCa секторында (әйелдер 44,2% аз жалақы алады), қаржы және сақтандыру секторында (30%), өнеркәсіпте (22,1%) және ғылыми-техникалық қызмет саласы (20,5%) мен құрылыс секторында (20,3%-ға)байқалады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow