«Шетелден 63 млрд теңге қайтарылып, 13 қашқын экстрадицияланды» – Бас прокуратура

Шілде 1, 2024 - 15:09
Шілде 1, 2024 - 15:10
«Шетелден 63 млрд теңге қайтарылып, 13 қашқын экстрадицияланды» – Бас прокуратура
ulysmedia.kz.

Бас прокуратурада 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Отырыста активтерді қайтару бойынша нәтижелер айтылды. Прокуратураның мәліметінше,  мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген.

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

«Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Биыл Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Қатармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификациялануда. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow