Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты

Желтоқсан 21, 2023 - 15:34
Қарқаралыда үш адамға қасқыр шапты
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қарағанды облысы Қарқаралы кентінде қасқыр адамға тап берген, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бұл туралы Қарағанды облысының жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, бүгін, 21 желтоқсан күні таңертең ерте жұмысқа бара жатқан екі әйелді қасқыр талаған. 

"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аудандық ауруханаға қасқыр талаған екі әйел жүгінген. Бірінің жарасы терең болса, біреуінің қолы жараланған", - деп хабарлады "Кешкі Қарағанды" парақшасы. 

Жергілікті полиция өкілдері әукілетті органдармен бірлесе отырып қазір ауылға кірген қасқырды аулауға кіріскен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow