"Қармет" кеншілерін бопсалап келген қауіпті қылмыстық топ ұсталды
Бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау", қазіргі "Қармет" комбинатындағы кеншілерді қорқытып, олардан ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру кезінде 10 адамды ұстап, топтың басшысы мен белсенді төрт мүшесін қамауға алған.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, олардың жалпы саны 15 фактіге қатысы бар деп айыпталып отыр.
«Қылмыстық топ қару қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған. Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді», - деп жазады сайт.
Сіздің реакцияңыз қандай?