Ғылым министрлігі тендер арқылы 5,5 млн теңгеге 20 видеоподкаст сатып алған

Желтоқсан 11, 2023 - 08:43
Желтоқсан 12, 2023 - 11:04
Ғылым министрлігі тендер арқылы 5,5 млн теңгеге 20 видеоподкаст сатып алған
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің 20 видеоподкаст түсіруге қатысты тендерін "Серпін" әлеуметтік даму Ұлттық қоры" қоғамдық қоры жеңіп алған, деп жазады sadaqmedia. 

Биыл қазан айының соңында Ғылым және жоғары білім мнистрлігі мемлекеттік сатып алу сайтына «Қазақ тіл білімі мен ғылымын, әдебиетін насихаттауға бағытталған видеоподкастар түсіру» деген атаумен 8,9 млн теңгеге лот жариялаған. Лоттың талабы бойынша YouTube-ке қазақ және орыс тілдерінде 20 сериядан 30-60 минуттық бейне подкасттар түсіріп, жүктеу керек. Ғылым туралы подкастар жарияланатын каналдың кемі  100 мың жазылушысы болу керек. 

Тендердің мақсатына тоқталған министрлік «қазақ тіл білімі мен ғылымын, әдебиетін насихаттау, халықты Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясатты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы хабардар ету» деп жазған. Ал мемлекеттік сатып алудың міндеті -  сарапшылармен, ғалымдармен және белгілі қоғам қайраткерлерімен ашық пікірталас әңгіме құру.

Министрлікті бұл тендерін "Серпін" әлеуметтік даму Ұлттық қоры" қоғамдық қоры 5,5 млн теңгеге жеңіп алған. Дегенмен, біз әлеуметтік желілерде бұл қоғамдық қордың жеке парақшаларын, болмаса, 100 мың көрермені бар каналын да таппадық.

Ал, министрлік мемлекеттік саясаттың пропогандасымен айналысып жатқанда, елде жатақхана тапшылығы қатты байқалып тұрғанын айта кету керек. Қазір Қазақстан бойынша жатақхана жетіспеген студенттер үшін Ғылым министрлігі 87 қонақ үй мен хостелді жалға алып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 30 қарашада Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан. Оның ішінде университеттің екі студенті мен колледж студенттерді бар. Оқиғадан кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өрт болған хостелмен шарт жасаспағанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow