Аппеляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақ үйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған еді.

Тамыз 21, 2024 - 15:57
Аппеляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлына және онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты үкімді аппеляциялық тәртіппен қайта қарады. Бұл туралы бүгін, 21 тамызда Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданған еді.

«Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады. Үкім заңды күшіне енді»,—делінген хабарламада.

Мәдениет және спорт министрлігінің талабы қанағаттандырылып, 3,5 млрд теңгеден астам сомада келтірілген залал өндірілді.

Еске салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақ үйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow