9 айда Қазақстанда 200 бала көлік апатынан қаза тапқан

Қараша 1, 2023 - 14:58
9 айда Қазақстанда 200 бала көлік апатынан қаза тапқан

Биыл жыл басынан бергі 9 ай ішінде Қазақстанда 200-ден астам бала қаза тапқан. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранбаева мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі бүгін "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

“Әлеуметтік желілерде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылып жатыр. Біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы биыл 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ол апаттарда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды”,-деді Ақтоты Боранбаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow